601

Астанада шетелдіктер адам ұрлағаны үшін сотталды

Адам ұрлау әрекеті алдын ала келісілген топпен жүзеге асырылғаны анықталды.

Астанада шетелдіктер адам ұрлағаны үшін сотталды
cyano66 / Getty Images/iStockphoto

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада адам ұрлау дерегі бойынша Орталық Азия елдерінің азаматтарына сот үкімі шықты.

Елорда прокуратурасының мәліметінше, сот барысында 2024 жылдың 9 желтоқсанында топ мүшелерінің бірі жәбірленушіден «көрсетілмеген қызмет» үшін ақша талап еткені анықталған. Ол күш қолданып, жәбірленушіні 80 мың теңге аударуға мәжбүрлеген.

Кейін алдын ала сөз байласқан топ жәбірленушіні Астана аумағында күштеп алып кеткен. Тергеу мәліметінше, қылмыс пайдакүнемдік мақсатта жасалған.

Іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. 2026 жылғы 5 ақпанда шыққан үкімге сәйкес, бес адам адам ұрлау бабымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал топ мүшелерінің бірі адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше билік жүргізгені үшін 7 жыл 6 ай мерзімге сотталды.

Астана прокуратурасы адам ұрлау қылмысы үшін заң бойынша 15 жылға дейін, ал өз бетінше билік жүргізу әрекеті үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Материал авторы