Астана тұрғыны бірнеше такси жүргізушісін сан соқтырған

07.05.2023, 09:28
533
Астана тұрғыны бірнеше такси жүргізушісін сан соқтырған smartnews.kz

Полицейлерге такси жүргізушілерінен 4 арыз түскен. Олар «клиентке» алданып, 25 мың теңге көлеміндегі қаражатынан айырылғанына шағымданған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтықпен айналысқан 31 жастағы ер адамды анықтады. Indriver мобильді қосымшасын пайдаланатын такси жүргізушілері күдіктінің жәбірленушілеріне айналған

Белгілі болғандай, жүргізушілер ұқсас жағдай бойынша алданған. «Клиент» мобильді қосымша арқылы мемлекеттік тіркеу нөмірін белгілі бір мекенжайға жіберу үшін такси шақырады. Әңгіме барысында ол жүргізушіге жол апатына ұшырағанын айтып, шұғыл түрде нөмірді жеткізуді өтінеді. Сонымен қатар, нөмірді алушы оны жеткізген кезде ақшаны төлейтінін айтып, 25 мың теңге сұрайды. Жүргізушілер келіседі, бірақ көрсетілген мекенжайға барғанда күтіп алушыны таппай, телефоны өшірілген «клиентке» қоңырау шалып әлекке түседі.

Қазіргі уақытта барлық жәйттер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен («Алаяқтық») қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

Полицейлер алаяқтың әрекетінен зардап шеккен такси жүргізушілері тағы көп болуы мүмкін екенін атап өтті.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген