«Бірі колледжде, бірі кешкі мектепте оқиды»: Атырауда қызды аяусыз ұрған видео желіге тарады (ВИДЕО)
Жаға ұстатар видеоға байланысты полиция мәлімдеме жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда қызды аяусыз соққыға жыққан сәт видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады.
Желіде жарияланған кадрларда пәтер ішінде бойжеткеннің құрдасын ұрып-соғып жатқанын, ал жанындағылардың оқиғаны телефонға түсіріп тұрғанын көруге болады. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысушылардың бірі кешкі мектепте, енді бірі қаладағы колледжде оқиды.
Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаның сәуір айында болғанын мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, 13 сәуір күні құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық тұлға полиция басқармасына жеткізілген. Төрт күдікті кінәлі деп танылып, жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар оқиғаға қатысқан барлық жасөспірім полицияның профилактикалық есебіне қойылған.
Ал құқық бұзушылыққа қатысы бар 16 жастағы жасөспірімге қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданған.
Полиция кез келген заңсыз әрекет үшін Қазақстан заңнамасында жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Материал авторы