Қазақстан мен Қытай ғалымдары жастар арасында ғылымды бірлесе насихаттамақ

07.05.2023, 10:10
790
Қазақстан мен Қытай ғалымдары жастар арасында ғылымды бірлесе насихаттамақ inform.kz

Қазақстан мен Қытай ғалымдары жастар арасында ғылымды насихаттауды бірлесіп жүзеге асырмақ.

Бұл туралы тараптар Алматыда өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья екі елдің жоғары оқу орындары мен ғылыми академияларының арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызын атап өтті.

«Біз ғалымдардың халықаралық қатынасты ғылым арқылы дамытудағы ұмтылысын ерекше қолдаймыз. Қазақстан ғылым Академиясы Қытай ғылым академиясымен бірлесіп зерттеу жобаларын қолға алуға және оған жас ғалымдарды тартуға дайын», - деді ол.

Қытай ғылым академиясының вице-президенті Жанг Тао Қазақстан ғылым академиясының президенті мен вице-президенттерін аспан асты елі академиясының мүшесі атануға шақырды.

«Біз қазақстандық әріптестерімізді қытай ғылымының жетістіктерімен таныстыруға ниеттіміз», - деді Қытай ғылым академиясының вице-президенті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының делегациясын Қытайда асыға күтетінін жеткізді.

Сондай-ақ, екі ел ғалымдары математика және өмір туралы ғылым саласындағы зерттеулерге баса назар аударатындығына тоқталды.

«Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды Ақтөбеде ер адам трансформаторлар ұрлаған «4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды «Анасы адвокат болғасын қорықтым»: танымал әнші Say Mo бұрынғы актер күйеуінен зорлық көргенін жайып салды «Құдайдан қыз болып оянуымды тіледім»: Атышулы Амилай балалық шағынан сыр шертті Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр «Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды Ақтөбеде марқұмның туыстары ағасын рұқсатсыз жерлеген екі ведомстводан өтемақы талап етті Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды «Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО) Спортшы Сұлтан Заурбекке Шымкент қаласының әкімі демеушілік жасай ма? Қуандық Бишімбаевтың әкесі Таразда Bishimbayev University оқу орнын ашпақ Ақтауда өтіп бара жатқандар қызды зорламақ болған ер адамды тұрғындар ұстап алды