1066

«Тізерлеткен»: Ер адам бұрынғы әйелін соққыға жығып, шашын алып тастаған

Бұрынғы әйеліне баса-көктеп кірген ер адам оны қорлап, соққыға жыққан.

«Тізерлеткен»: Ер адам бұрынғы әйелін соққыға жығып, шашын алып тастаған
ural.kp.ru

Ресейдің Екатеринбург қаласында көпбалалы ана бұрынғы күйеуінің қатыгез әрекетіне тап болды. Әйелдің айтуынша, экс-жұбайы оның үйіне баса-көктеп кіріп, соққыға жығып, күштеп шашын қиып тастаған.

32 жастағы Екатерина Гранкина бұрынғы күйеуімен бірнеше жыл бұрын ажырасқан. Алайда ер адам бұл шешіммен келіспей, әйелді аңдып, тыныш өмір сүруіне кедергі келтіріп жүргені айтылды.

Оқиға 15 мамыр күні кешке болған. Балалары үйде болмаған сәтте әйел пәтерде жалғыз отырған. Есікті ашқанда табалдырықта бұрынғы күйеуі тұрған.

Жәбірленушінің сөзінше, ер адам пәтерге күшпен кіріп, оның мойнынан ұстап, артынша қайшымен ұзын шашын түбінен бастап қиып тастаған. Әйел өзін өлтіріп жіберуі мүмкін деп қорыққанын айтқан.

Сол сәтте пәтерге әйелдің танысы келген. Кейін ер адамдар арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Әйел көмек сұрап айқайлағаннан кейін көршілер мен қоғамдық тәртіп сақшылары араласқан.

Дәрігерлер әйелдің денесінен жұмсақ тіндердің соғылғанын анықтаған. Ал оның танысы аяғын сындырып алғаны хабарланды.

Ресей Тергеу комитеті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ер адам кінәсін жартылай ғана мойындаған. Оның адвокатының айтуынша, шаш қию әрекеті қызғаныш салдарынан «аффект күйінде» жасалған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор