Көкшетауда 17 жастағы жасөспірім кеудесіне пышақ тиіп, ауруханаға түсті
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға таныстар арасындағы жанжалдан кейін болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған 17 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілді.
Kokshetau Today Telegram-арнасының мәліметінше, жасөспірім ауруханаға қатты қан кеткен күйде түскен. Дәрігерлер оған жедел медициналық көмек көрсетіп, хирургия бөліміне жатқызған.
Медицина мамандарының айтуынша, науқастың жағдайы тұрақтандырылған. Оған кеуде қуысының кесіліп-тесілген жарақаты диагнозы қойылған.
Оқиғаның нақты мән-жайы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, жасөспірім бұл жарақатты 27 мамыр күні таныстарымен болған жанжал кезінде алған болуы мүмкін.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Материал авторы