Нұрлан Сабуров рингке шықты: Әзілкештің спаррингі қызу талқыға түсті
Ернұр Жаңабай жариялаған бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, стендап-комик Нұрлан Сабуров әлеуметтік желіде жарияланған жаңа видеодан кейін көпшіліктің назарын аударды. Ол аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловның бапкері Ернұр Жаңабаймен спарринг өткізіп, спорттық дайындығын көрсетті.
Жаттықтырушы Ернұр Жаңабай Instagram парақшасында жаттығу сәтінен түсірілген бейнежазбаны жариялады. Кадрларда Нұрлан Сабуровтың соққы техникасын пысықтап, рингте еркін қимылдап жүргені байқалады.
Желі қолданушылары бейнежазбаға белсенді пікір қалдырып, комиктің физикалық дайындығына жоғары баға берді. Кейбірі жаттығудың жалғасы қалай аяқталғанын сұраса, енді біреулері қатысушылардың шеберлігіне тәнті болғанын жазған.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына ұзақ мерзімге кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Құқық қорғау органдары бұл шешімнің 2025 жылы тіркелген әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты қабылданғанын мәлімдеген.
Комиктің өзі кейінірек Ресейге кіруге қойылған шектеуге қатысты пікір білдірді. Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында оның Мәскеу облысында қымбат коттеджі мен жер телімі бар екені туралы ақпарат тараған болатын.
Материал авторы