Астанада ірі өрт шықты: үш нысанның шатыры жалынға оранды
Құтқарушылар оқиға орнына келгенде бірнеше ғимараттың шатыры толықтай отқа оранған еді.
Астананың Байқоңыр ауданында жеке тұрғын үй секторында өрт шығып, бір-біріне жақын орналасқан бірнеше нысанның шатыры отқа оранды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Толстой көшесінде болған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үш құрылыс нысанының шатыры толықтай жанып, өрт ашық жалынмен күш алған күйде болған.
Өртті сөндіру үшін үздіксіз су беру ұйымдастырылып, негізгі ошақтарға арнайы оқпандар бағытталған. Алайда өрттің қарқынды таралуы мен қою түтін сөндіру жұмыстарын қиындатқан.
Ведомствоның хабарлауынша, 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Қазіргі уақытта өрт оқшауланып, сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Нақтыланған дерек бойынша, екі жеке тұрғын үй мен бір шаруашылық құрылысының шатыры жанған. Құтқарушылар өрт аймағынан бес газ баллонын дер кезінде шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алған.
Материал авторы