714

Көкшетауда бала ата-анасының көзінше көлік астында қалды

Бала жолды ересектермен бірге кесіп өтіп бара жатқан сәтте жол апаты болды.

Көкшетауда бала ата-анасының көзінше көлік астында қалды
Бейнежазбадан

Көкшетау қаласының орталығында реттелетін жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан баланы жеңіл көлік қағып кетті. Оқиға ересектердің көз алдында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала жолды үлкендермен бірге кесіп өтіп бара жатқан кезде жүргізуші оны байқамай қалған. Абырой болғанда, оқиға ауыр зардаптарға әкелмеген.

Полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Назарбаев пен Жүнісов көшелерінің қиылысында болған. «Лада» автокөлігінің жүргізушісі реттелетін жаяу жүргінші өткеліндегі жаяу жүргіншілерге жол бермеген.

Осы дерек бойынша жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 600-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Белгілі болғандай, зардап шеккен баланың ата-анасы жүргізушіге қатысты шағым түсірмеген.

Материал авторы