600

1 маусымдағы валюта бағамы: доллар қанша теңгеге сатылып жатыр?

Қазақстан қалаларындағы айырбастау пункттері жаңа бағамдарды жариялады.

1 маусымдағы валюта бағамы: доллар қанша теңгеге сатылып жатыр?
REUTERS/Cagla Gurdogan/File Photo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының бағамы белгілі болды.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанада доллар орта есеппен 483,14 теңгеден сатып алынып, 489,93 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 561,05 теңге, сату бағамы – 570,98 теңге. Ресей рублі 6,53–6,83 теңге аралығында саудалануда.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 486,39 теңге болса, сату бағамы 489,43 теңгені құрайды. Еуро 566,60 теңгеден қабылданып, 572,01 теңгеден сатылуда. Рубль бағамы 6,53–6,67 теңге аралығында қалыптасқан.

Шымкентте долларды сатып алу бағамы 488,70 теңге, сату бағамы 490,77 теңге деңгейінде. Еуро 564,73 теңгеден сатып алынып, 571,40 теңгеден сатылып жатыр. Рубльдің бағамы 6,59–6,66 теңге аралығында.

Ал Қазақстан Ұлттық банкінің 1 маусымға бекіткен ресми бағамына сәйкес, доллар – 485,95 теңге, еуро – 565,74 теңге, ал рубль – 6,83 теңге болды. 

Материал авторы