633

Тоқаев Балаларды қорғау күніне орай маңызды мәлімдеме жасады

Президент балаларға қатысты жаңа бастамалар туралы айтты.

Тоқаев Балаларды қорғау күніне орай маңызды мәлімдеме жасады
Ақорда мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақстандықтарды құттықтап, жас ұрпақтың құқықтарын қорғау мен олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекет үшін стратегиялық басымдық екенін айтты.

Мемлекет басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында балалардың денсаулығын сақтау, білім алуына және толыққанды дамуына мүмкіндік жасау жалпыұлттық мақсат әрі конституциялық міндет екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, бақытты балалық шақтың негізі – ауызбірлігі жарасқан, берекелі отбасы. Осыған байланысты отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның маңызды қағидаларының бірі ретінде бекітілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде қазақстандық балалардың білім, спорт және өнер салаларында елеулі жетістіктерге жетіп жүргеніне назар аударды. Сондай-ақ оның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында әрбір балаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын еске салды.

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асырыла бастағанын айтып, өскелең ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін мәлімдеді. 

Материал авторы