621

Ақтаудағы айлақта жаппай төбелес болып, бір адам суға құлап кетті

Ақтаудағы айлақтағы жанжал қылмыстық іске ұласты.

Ақтаудағы айлақта жаппай төбелес болып, бір адам суға құлап кетті
Lada.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудағы айлақтардың бірінде бірнеше ер адам арасында жаппай төбелес болып, оқиға куәгерлердің бейнежазбасына түсіп қалды.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ер адамдар арасында әуелі сөзге келу болғаны, кейін оның жаппай төбелеске ұласқаны көрінеді. Жанжал кезінде қатысушылардың бірі суға құлап кеткен. Оқиға орнында болған адамдар төбелескендерді ажыратуға әрекет жасаған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық азамат анықталып, ұсталған.

«Ер адамдар арасында туындаған келіспеушілік сөз таласынан кейін төбелеске ұласқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметіне сәйкес, жанжалға қатысқандардың ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбеген.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр. 

Материал авторы