20 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандық Ресейден елге жеткізілді
Қарақшылық шабуылдан кейін жасырынған күдікті Қазақстанға қайтарылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Бас прокуратурасы халықаралық іздеуде жүрген азаматты Ресейден елге қайтарды. Ол Павлодарда жасалған қарақшылық шабуылдан кейін шамамен 20 жыл бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап келген.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2006 жылы Павлодар қаласында күдікті сыбайластарымен бірге топ болып қарақшылық шабуыл жасаған. Қылмыскерлер жәбірленушіге шабуыл жасап, оның мүлкін иемденген.
Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар әртүрлі мерзімге сотталған. Ал негізгі күдікті оқиғадан кейін тергеуден қашып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Бас прокуратураның мәліметінше, ол 2025 жылдың қыркүйегінде Ресейдің Новосібір облысында ұсталған. Кейін Қазақстан тарапының сұрауы негізінде елге экстрадицияланды.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Қарақшылық шабуыл жасағаны дәлелденген жағдайда оған мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Материал авторы