Мақпал Исабекова қалыңдық гүлін алып, көз жасына ерік берді (ВИДЕО)
Ажырасқанын жариялаған Мақпал Исабекова тойда ерекше сәттің басты кейіпкеріне айналды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мақпал Исабекова күтпеген жерден қалыңдық гүлінің иегері атанып, көпшілік алдында толқынысын жасыра алмады.
Әлеуметтік желіде тараған видеода блогер әрі қалыңдық Карина Сыздықова дәстүрлі гүл лақтыру рәсімінен бас тартқан. Оның орнына жас жұбайлар ерекше тәсілді таңдаған. Той қонақтарының телефон нөмірлері арнайы ыдысқа салынып, қалыңдық олардың бірін кездейсоқ таңдаған.
Кейін таңдалған нөмірге қоңырау шалынғанда телефон дәл Мақпал Исабекованың қолында шырылдаған. Мұндай тосынсыйды күтпеген әнші әсерленіп, көз жасына ерік берген.
Гүл шоғын табыстау кезінде қалыңдық өнер иесіне жүрекжарды тілегін арнаған.
«Бақытты болғаныңды қалаймын. Бұл гүл сенің қолыңа түсті, демек алда сені жақсы күндер күтіп тұр», – деген ол.
Желі қолданушылары да бұл рәсімнің дәстүрлі гүл лақтырудан әлдеқайда әсерлі шыққанын жазды. Көпшілік қалыңдық гүлін осылай әділ әрі ерекше жолмен табыстау идеясын жоғары бағалаған.
Пікір қалдырушылардың бір бөлігі әншіге бақыт тілеп, оның жүзіндегі мұңды байқағандарын жазды.
Еске салсақ, Мақпал Исабекова 2024 жылы алғаш рет жұбайын көпшілікке таныстырған болатын. Әншінің 2022 жылы Теодор есімді ұлы, ал 2024 жылы Илая атты қызы дүниеге келген. Ал 2026 жылдың наурыз айында ол күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді.
Материал авторы