757

Димаш Құдайбергеннің әкесі «Парасат» орденімен марапатталды

Қанат Айтбаевқа Қазақстанның жоғары мемлекеттік награда табысталды.

Димаш Құдайбергеннің әкесі «Парасат» орденімен марапатталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісі, композитор әрі продюсер Қанат Айтбаев Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградаларының бірі – «Парасат» орденімен марапатталды.

Марапатты Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Aida Balayeva Аида Балаева табыстады.

Салтанатты рәсім барысында министр Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнердің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Сондай-ақ оның қазақстандық музыкалық өнерді ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де насихаттауға бағытталған көпжылдық еңбегіне жоғары баға берілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Парасат» ордені ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін табысталады.

Айта кетейік, бұған дейін Қанат Айтбаев жеке жағдайларына байланысты Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен марапаттау рәсіміне қатыса алмаған болатын.

Қанат Айтбаев көпшілікке әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі әрі шығармашылық продюсері ретінде де белгілі. 

Материал авторы