735

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін Сәкен Бибосынов бастапқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалды
instagram.com/boxingkazakhstan

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта үндістандық Дипак Кумармен шеберлік байқасты.

Бұл кездесу Сәкенге оңайға түскен жоқ.

Алғашқы екі раундта Сәкен Бибосынов басымдық көрсеткенімен, төрешілер жеңісті үндістандық боксшыға беріп жіберді.