540

2 маусымдағы валюта бағамы: доллар 493 теңгеге дейін қымбаттады

Қазақстан қалаларындағы валюта бағамы жарияланды.

2 маусымдағы валюта бағамы: доллар 493 теңгеге дейін қымбаттады
архив Onlíner

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2 маусымдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары белгілі болды. Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбас орындарында доллар, еуро және рубль әртүрлі бағамен саудалануда.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 486,01 теңге, сату бағамы 493,00 теңге болып тұр.

Еуро 565,03 теңгеден сатып алынып, 575,00 теңгеден сатылуда. Ресей рублінің бағамы сатып алу кезінде 6,45 теңге, сату кезінде 6,75 теңге деңгейінде қалыптасқан.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 490,56 теңгеден қабылданып, 493,25 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның сатып алу бағамы 569,95 теңге болса, сату бағамы 575,53 теңгеге жеткен. Рубль 6,56–6,69 теңге аралығында саудалануда.

Шымкент қаласында долларды 490,93 теңгеден сатып алып, 493,11 теңгеден сатуда.

Еуро 567,64 теңгеден қабылданып, 573,93 теңгеден өткізілуде. Ал рубльдің бағамы сатып алу кезінде 6,58 теңге, сату кезінде 6,65 теңге болып отыр.

Қазақстан Ұлттық банкінің 2 маусымға бекіткен ресми бағамына сәйкес, доллар – 488,96 теңге, еуро – 569,49 теңге, ал рубль – 6,81 теңге.  

Материал авторы