Павлодарда ер адам бензин шашып, тұрғын үйдің кіреберісін өртемек болды (ВИДЕО)
Тұрғындардың айтуынша, ер адам кіреберісте кездескен адамдарға дейін бензин шашқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда белгісіз ер адам көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіне бензин құйып, өрт шығаруға әрекет жасаған. Оқиға тұрғындардың алаңдаушылығын туғызып, бақылау камерасына түсіп қалған.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам таңертең тұрғын үйге канистрамен келіп, кіреберісте жүгіріп жүрген. Ол қабырғаларға, еденге және сыртқа шыққан тұрғындарға бензин шашқан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Павлодар облыстық полиция департаменті құқық бұзушының жеке басы анықталғанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
«Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады», – деп мәлімдеді полиция.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Материал авторы