730

Қазақстан мектептерінде 75 мың ер мұғалім сабақ беріп жүр

Еліміздің білім беру ұйымдарында 91 мың 496 ер педагог еңбек етеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстан мектептерінде 75 мың ер мұғалім сабақ беріп жүр
smartnews.kz

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының мәліметінше, бүгінде еліміздің білім мекемелерінде 91 496 ер педагог жұмыс істейді.

Оның 13 488-і колледж, 75 362-і мектептерде, 2646-сы мектепке дейінгі ұйымдарда.