Сәрсемәлиев соты: Отбасы өлтірілгеннен кейін де есептегіштерді жіберіп отырған
Сотта отбасы жоғалғаннан кейін де олардың атынан коммуналдық төлемдер жүргізілгені мәлім болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасының өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот отырысында тың деректер жарияланды. Тергеу материалдарына сәйкес, отбасы жоғалғаннан кейін де коммуналдық төлемдер төленіп, есептегіш көрсеткіштері марқұмдардың атынан жіберіліп отырған.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жангелдин ауылындағы отбасы мүшелерінің өліміне қатысты іс қаралып жатыр. Айыпталушылар орнында қаза тапқан отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев отыр.
2 маусымдағы сот отырысында айыпталушының әпкесінің күйеуі куә ретінде жауап берді. Оның айтуынша, 2025 жылдың желтоқсанында ол Сәрсемәлиевтен 150 мың теңге қарыз сұраған.
Куәгердің сөзінше, Сәрсемәлиевтің тұрақты жұмысы болмағанын және кездейсоқ табыспен күн көріп жүргенін білген. Соған қарамастан айыпталушы сұралған қаражатты жұбайы Ақбаянның есепшотынан Kaspi қосымшасы арқылы аударған.
Кейін Сәрсемәлиев хабарсыз кеткен соң, куәгер қарызды оның анасына қайтарғанын айтты.
Мемлекеттік айыптаушының «Неліктен қаржылай көмекті дәл Сәрсемәлиевтен сұрадыңыз?» деген сауалына куәгер: «Жай ғана сұрағым келді», – деп жауап берген.
Сот барысында электр және су қызметін көрсететін коммуналдық мекемелердің қызметкерлері де жауап берді. Олардың айтуынша, үй иелері жоғалып кеткеніне қарамастан, есептегіш көрсеткіштері мен коммуналдық төлемдер Наурыз Мұқанғалиевтің атынан түсіп отырған.
Куәгерлердің мәліметінше, төлемдер мен көрсеткіштер 2025 жылдың желтоқсанына дейін жіберілген. Коммуналдық қызмет өкілдерінің бірі бұған дейін Наурыз есептегіш деректерін WhatsApp арқылы дауыстық хабарлама түрінде жолдайтынын айтты. Алайда кейіннен мәліметтер мәтін түрінде келе бастаған. Ол кезде бұл жағдай күдік туғызбаған.
Еске салсақ, Жангелдин ауылындағы отбасы 2025 жылдың қараша айында із-түзсіз жоғалған. Көршілерінің айтуынша, алдымен отбасының ұлы жоғалып, кейін қалғандары емделу үшін кеткен деген ақпарат тараған.
2026 жылдың 6 қаңтарында ерлі-зайыптылардың денесі өз үйінің ауласындағы қорадан табылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, туыстары ұзақ уақыт бойы полицияға жүгінбеген, себебі отбасының 32 жастағы ұлының атынан хабарламалар келіп тұрған.
Кейін Индонезияда ұсталған күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев тергеушілерге қалған мәйіттердің болуы мүмкін жерлерді көрсеткен. Қайта жүргізілген тергеу әрекеттері кезінде үй ауласынан бұрын хабар-ошарсыз кеткен ұл мен қыздың денелері табылды.
Тергеу аяқталғаннан кейін Сәрсемәлиев өз кінәсін мойындаған. Қазір ол сот үкімін күтіп, тергеу изоляторында отыр.
Материал авторы