699

Канадада орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Канаданың батысындағы Альберто провинциясының 25 мыңға жуық тұрғыны 100-ден астам орман өртінен қашып, үйлерін тастап кетті.

Канадада орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
inform.kz

Билік өкілдері «бұрын-соңды болмаған дағдарыс» туралы айтып жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Канаданың батысындағы Альберто провинциясында 6 мамырда орман өртінің көбеюіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Провинция премьер-министрі Даниэль Смит «ресурстардың барлығы бұрын-соңды болып көрмеген дағдарыспен күресуге бағытталуы керектігін» мәлімдеді.

Билік өкілдерінің мәліметінше, 25 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Кейбірі қайықпен және тікұшақпен қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Тағы мыңдаған тұрғынға эвакуацияға дайындалу керегі хабарланды.