580

Қостанайда білім бөлімінің жетекшісі тергеу изоляторына қамалды

Тергеу бюджет қаражатының жымқырылуына бірнеше адамның қатысы болуы мүмкін деп отыр.

Қостанайда білім бөлімінің жетекшісі тергеу изоляторына қамалды
gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу соты оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау туралы санкция шығарды.

Қостанай облыстық прокуратурасының мәліметінше, 2026 жылғы 2 маусымда Қостанай қаласының тергеу соты күдікті Гүлсім Оразбаеваға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Қылмыстық іс Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының өндірісінде жатыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің лауазымды тұлғалары өзге адамдармен бірге ведомстволық мекемелерге бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға қатысқан болуы мүмкін.

1 маусым күні күдіктілердің тұрғылықты және жұмыс орындарында тінту жүргізілген. Сол күні білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша көзделген құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Материал авторы