Каспийде тағы да итбалық қырылып, қылмыстық іс қозғалды

08.05.2023, 11:41
575
Каспийде тағы да итбалық қырылып, қылмыстық іс қозғалды facebook.com/fishcomitteekz

6 мамыр күні Каспий теңізі жағалауынан 15 итбалық және 4 бекіре балығының өлексесі табылды.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты тілшісі Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«6 мамыр күні жергілікті уақыт сағат 19:00 шамасында түскен ақпаратқа сәйкес, Жайық – Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданы Баутино ауылы тұсындағы Каспий теңізі жағалауынан 15 итбалық пен 4 бекіре балығының өлексесін тапты.

Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алды. Табылған теңіз жануарлары ұшаларының ыдырау деңгейі жоғарғы дәрежеде болғандықтан, оқиға себебін анықтау үшін гистологиялық сынама алу мүмкін болмады», - делінген Балық шаруашылығы комитетінің Facebook-парақшасындажарияланған хабарламада.

Мәлім болғандай, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның шеңберінде жануарлардың өліміне себеп болған мән-жайлар анықталады. Балық шаруалшылығы комитеті таратқан ақпаратқа сай, инспекция қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізіп жатыр.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған