614

Медеудегі өртті сөндіруге тікұшақ жіберілді

Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Медеудегі өртті сөндіруге тікұшақ жіберілді
Видеодан алынған кадр

Өрттің видеосы WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Кіші Алматы орманшылығы 33-аумағында қураған шөп жануда.

«Оқиға орнында «Іле-Алатау» МҰТП қызметкерлерінен 27 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 22 маман, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан».

Сонымен қатар мәлім етілгендей, Медеу тауындағы өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» тікұшағы шықты.