5 маусымдағы валюта бағамы: доллар мен еуро арзандады ма?
Қазақстан қалаларындағы айырбастау бекеттері валюта бағасын жаңартты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 маусымдағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының бағамы жаңарды.
Kurs.kz порталының мәліметінше, Астанадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары орта есеппен 483,04 теңгеден сатып алынып, 489,88 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроның сатып алу бағамы – 562,00 теңге, сату бағамы – 571,97 теңге. Ресей рублі 6,25 теңгеден қабылданып, 6,55 теңгеден сатылуда.
Алматы қаласындағы айырбастау бекеттерінде доллар 484,75 теңгеден сатып алынып, 486,96 теңгеден сатылуда.
Еуро бағамы сатып алу кезінде 562,87 теңгені, сату кезінде 568,28 теңгені құрап отыр. Рубльдің құны 6,35–6,50 теңге аралығында саудалануда.
Шымкент қаласында доллардың сатып алу бағамы 484,95 теңге болса, сату бағамы 487,02 теңгені құрады.
Еуро 561,48 теңгеден қабылданып, 567,10 теңгеден сатылып жатыр. Ал рубль 6,39 теңгеден сатып алынып, 6,48 теңгеден өткізілуде.
Ұлттық банктің 5 маусымға белгілеген ресми бағамына сәйкес, 1 АҚШ доллары – 485,34 теңге, 1 еуро – 564,45 теңге, ал 1 Ресей рублі 6,53 теңге тұрады.
Материал авторы