1168

Атырауда трактордан құлаған 2 жасар бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

Басынан жарақат алған бүлдіршінді ауруханаға полиция қызметкерлері жеткізген.

Атырауда трактордан құлаған 2 жасар бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді
yakutia.kp.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында трактордан құлап, басынан жарақат алған екі жасар балаға полиция қызметкерлері жедел көмек көрсетті.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 4 маусым күні сағат 22:10 шамасында Исатай ауданы Тұщықұдық ауылы маңындағы теміржол өткелінде патрульдік полиция ротасының аға инспекторы, полиция капитаны Ернар Қайыржанов пен полицияның аға лейтенанты Нұркен Маратов қызмет атқарып жүрген.

Осы кезде теміржол өткелінде кезекте тұрған Lada Granta көлігінің жүргізушісі тәртіп сақшыларына жүгінген.

Алаңдаулы азамат екі жасар баланың трактордан құлап, басынан жарақат алғанын және оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу қажет екенін айтқан.

Жағдайдың маңызын ескерген полицейлер бірден көмек көрсету туралы шешім қабылдаған.

Арнайы жарық және дыбыс белгілерін қосқан қызметтік көлікпен олар бүлдіршінді әжесімен бірге аудандық ауруханаға жеткізді.

Полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында бала дер кезінде медициналық көмек алған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор