Өскеменде дүкен алдында әйелдің мәйіті табылды
Дүкен маңында қайтыс болған әйелдің өлімі тексеріліп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемен қаласында дүкендердің бірінің кіреберісінен әйел адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Жаңа Согра шағын ауданындағы Шаяхметов көшесінде болған.
Куәгерлер сауда нысанының алдында өмір белгілері байқалмай жатқан әйелді көріп, жедел қызметтерге хабар берген.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы ақпарат тәртіп сақшыларына жедел медициналық жәрдем қызметінен түскен.
Оқиға орнына тергеу-жедел тобы жіберіліп, алғашқы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Қазіргі уақытта оның нақты неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Материал авторы