1359

«Қызым қайдан шықты?»: Димаш жанкүйерлерінің сұрағына таңғалды

Кейбір жанкүйерлер Димаштың отбасын жұрттан жасырып жүргеніне сенімді екенін айтты.

«Қызым қайдан шықты?»: Димаш жанкүйерлерінің сұрағына таңғалды
instagram.com/kudaibergenov.dimash

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен өткен тікелей эфирде жеке өміріне қатысты көптен бері айтылып жүрген қауесеттерге жауап берді.

Әнші эфирге досы Расул Усмановпен бірге шығып, әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берген. Сұрақтардың басым бөлігі оның отбасы мен жеке өміріне қатысты болды.

Кейбір жанкүйерлер Димаштың үйленгеніне және балалары бар екеніне сенімді екенін айтып, мұны жасырмауға шақырған.

Алайда әнші бұл пікірлермен келіспейтінін мәлімдеді.

«Мен үнемі айтып жүрмін ғой, үйленген жоқпын, балаларым да жоқ. Неге сенбейсіздер?» – деді ол.

Эфир барысында тағы бір қолданушы әншіден қызының атын сұраған. Бұл сауалға таң қалған Димаш әзілмен жауап берді.

«Бұл сұрақ маған қойылса, өзіме де қызық, қызым қайдан пайда болған?» – деді ол.

Сондай-ақ өнер иесі әлеуметтік желілерде өзінің отбасы ғана емес, бірнеше әйелі бар деген әңгімелердің де тарайтынын айтты.

«Күні бойы студияда жұмыс істеймін, концерттерге шығамын. Соған қарамастан түрлі әңгімелер айтылады», – деді әнші.

Димаш Құдайбергеннің айтуынша, жеке өмірді көпшілікке жария ету міндет емес. Ол тіпті болашақта шаңырақ көтерсе де, бұл туралы жұртқа хабарлауға міндетті емес екенін жеткізді.

«Жұбайыңды көрсету керек пе, жоқ па деген сұрақ мені үнемі ойландырады. Себебі бақыт тыныштықты жақсы көреді», – деді әнші.

 

 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор