512

Ақтауда жалаңаш жүрген ер адамның видеосы желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)

Кадрларда ер адамның көшеде басқа адамның жетелеуімен жүргені көрінеді.

Ақтауда жалаңаш жүрген ер адамның видеосы желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)
instagram.com/cenzura_aktau

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда көшеде жалаңаш жүрген ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Lada.kz мәліметінше, кадрларда ер адамның көшеде басқа азаматтың жетелеуімен келе жатқаны көрінеді. Бір сәтте ол жол жиегіне құлап жатқан, кейін қасындағы адам оны қайта алып кетуге әрекет жасаған.

Оқиға түсірілген бейнежазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Көпшілік ер адамның мұндай әрекетке не себеп болғанын талқылап, әртүрлі болжамдар айтты.

Жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, аталған азаматқа қатысты әкімшілік шаралар қабылданған. Оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша (тыныштықты бұзу) хаттама толтырылған.

Сонымен қатар ер адамға ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша да (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орынға мас күйде келу) әкімшілік хаттама рәсімделген.

Полиция оқиғаның өзге мән-жайларын нақтылаған жоқ.

Материал авторы