632

Ресейлік рэпер Моргенштерн иудаизмды қабылдап, еврей атанды

Музыканттың дін ауыстыруы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Ресейлік рэпер Моргенштерн иудаизмды қабылдап, еврей атанды
Екатерина Чеснокова/РИА «Новости»

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, даулы мәлімдемелерімен жиі назарға ілігетін рэпер Моргенштерн иудаизмды қабылдап, ресми түрде еврей болғаны хабарланды. Бұл туралы Telegram-дағы «Голос Израиля» арнасы мәлімдеді. Арна дерегінше, орындаушы гиюр рәсімінен өтіп, еврей халқының құрамына қосылған.

Рәсімнен кейін музыканттың жаңа есімі – Исраэль Йегуда Моргенштерн.

«Исраэль Йегуда (Алишер) еврей сотынан өтіп, Израиль халқына қосылды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Ресейде Моргенштернге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған сырттай айыппұл салынғаны хабарланған. Қазір рэпер шетелде жүр, ал Ресейде оның жылжымайтын мүлкі мен басқа да активтеріне шектеулер қойылған.

Ресми деректер бойынша, орындаушының Мәскеу маңындағы Леоново ауылында жер телімі мен үлкен тұрғын үйі бар. Тергеу аясында оның бірнеше активіне тыйым салынғаны айтылған.

Айта кетейік, гиюр – еврей дінін қабылдау рәсімі. Ол ерікті түрде иудаизм қағидаларын қабылдауды білдіреді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор