Қарағанды маңындағы жол апатынан 30 жастағы жаттықтырушы көз жұмды
Футболдан балалар жаттықтырушысы болған бапкер өмірден өтті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында жол апатына түскен 30 жастағы футбол жаттықтырушысы Илья Буртовой қайтыс болды.
Қайғылы оқиға демалыс күндері Қарағанды – Абай тасжолында болған. Көлік ішінде болған Илья Буртовой ауыр жол-көлік оқиғасына түсіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Марқұм Қарағандыдағы Scout футбол клубы балалар футбол клубында жаттықтырушы болып еңбек еткен. Сонымен қатар ол Көкшетаудағы Elim-AI футзал клубының ойыншысы болған.
Әріптестерінің айтуынша, дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескен. Алайда барлық күш-жігерге қарамастан, жас маманның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
«Скаут» клубының өкілдері Илья Буртовойды өз ісіне адал, кәсібіне жауапкершілікпен қарайтын маман ретінде сипаттады. Олар оның балаларды ерекше жақсы көргенін, әр тәрбиеленушісінің дамуына бар күшін салып, білімі мен тәжірибесін аямай бөліскенін атап өтті.
Марқұмның қазасы туралы ақпаратты Қазақстан футзал қауымдастығы да растады.
Илья Буртовойдың мезгілсіз қазасы қазақстандық футбол және футзал қауымдастығы үшін ауыр қайғы болды.
Материал авторы