3866

ОПЕК+ шілдеден бастап мұнай өндіруді ұлғайтады

Қазақстан тәулігіне 1,6 млн баррель мұнай өндірмек.

ОПЕК+ шілдеден бастап мұнай өндіруді ұлғайтады
Jan Zakelj / pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін тағы да арттыру туралы шешім қабылдады. Ұйымға мүше жеті мемлекет шілде айында тәуліктік өндірісті қосымша 188 мың баррельге көбейтуге келісті.

Шешім 7 маусым күні өткен кездесуде қабылданды. Келіссөздерге Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман өкілдері қатысты.

Қабылданған келісімге сәйкес, 2026 жылдың шілдесінен бастап қатысушы елдер мұнай өндірісін кезең-кезеңімен ұлғайтады. Сонымен бірге тараптар нарықтағы жағдайға қарай ерікті шектеулерді қайта қарау мүмкіндігін де сақтап отыр. Яғни өндірісті арттыру жалғасуы да, уақытша тоқтатылуы немесе өзгертілуі де ықтимал.

ОПЕК+ қатысушылары әлемдік мұнай нарығындағы ахуалды мұқият бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді. Ұйым өкілдері өндіріс көлеміне қатысты шешімдер нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қабылданатынын атап өтті.

Қазақстан үшін шілде айына белгіленген квота тәулігіне 1,608 млн баррель деңгейінде бекітілді.

Сондай-ақ ұйымға мүше елдер өндірісті ұлғайту бұрынғы кезеңдерде рұқсат етілген көлемнен артық өндірілген мұнай бойынша өтемақы міндеттемелерін орындауды жеделдетуге мүмкіндік беретінін айтты. Қатысушылар 2024 жылдың қаңтарынан бері тіркелген артық өндіріс көлемін толық өтеу жоспарына адалдығын растады.

ОПЕК+ елдері артық өндірісті өтеу тетігінің мерзімін 2026 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту туралы да келісімге келді.

Материал авторы