525

9 маусымдағы валюта бағамы: доллар мен еуро айырбастау пункттерінде қаншадан сатылып жатыр?

Ірі қалалардағы айырбастау бағамдары белгілі болды.

9 маусымдағы валюта бағамы: доллар мен еуро айырбастау пункттерінде қаншадан сатылып жатыр?
Vera Livchak / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 маусымдағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің жаңартылған бағамдары белгілі болды.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанада АҚШ доллары орта есеппен 482,97 теңгеден сатып алынып, 489,90 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы – 558,01 теңге, сату бағамы – 568,01 теңге. Ресей рублі айырбастау орындарында 6,30 теңгеден қабылданып, 6,60 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 485,90 теңгені, сату бағамы 488,31 теңгені құрады. Еуро 560,07 теңгеден сатып алынып, 565,48 теңгеден сатылуда. Рубль бағамы 6,40–6,53 теңге аралығында саудалануда.

Шымкентте долларды сатып алу бағамы 486,46 теңге болса, сату бағамы 488,52 теңгеге жетті. Еуро 558,38 теңгеден қабылданып, 564,65 теңгеден сатылуда. Ресей рублінің бағамы 6,44–6,50 теңге аралығында қалыптасты.

Сонымен қатар Ұлттық банктің 9 маусымға белгілеген ресми бағамына сәйкес, бір АҚШ доллары – 484,78 теңге, бір еуро – 558,66 теңге, ал бір рубль – 6,60 теңге деңгейінде бекітілген.

Айта кетейік, айырбастау пункттеріндегі бағамдар күн ішінде өзгеруі мүмкін. Сондықтан валюта айырбастамас бұрын бірнеше пункттің ұсынысын салыстырып алған жөн. 

Материал авторы