Қарағандыда микроқаржы ұйымын тонады деген күдіктілер Астанада ұсталды

08.05.2023, 18:53
501
Қарағандыда микроқаржы ұйымын тонады деген күдіктілер Астанада ұсталды smartnews.kz

Қарағандыда микроқаржы ұйымына қарақшылық шабуыл жасаған екі ер адам Астана қаласында ұсталды, деп хабарлайды Smartnews.kz сайты Рolisia.kz-кесілтеме жасап.

5 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарлама түскен. Онда белгісіз екі адам шағын несие беру ұйымына бас көктеп кіргені, 30 жастағы менеджер әйелді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 1 млн 29 мың теңге алып кеткені туралы айтылған.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

«Ауыр қылмысты ашу мақсатында департамент аппаратының криминалдық полициясының, сондай-ақ Қарағанды қалалық полиция басқармасының және оның аумақтық полиция бөлімдерінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. 7 мамыр күні жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Астана қаласында күдіктілер – 23 және 25 жастағы екі ер адам ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің санкциясына сәйкес, ұсталғандарға бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды