667

10 маусымдағы доллар, еуро және рубль бағамы белгілі болды

Айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы жарияланды.

10 маусымдағы доллар, еуро және рубль бағамы белгілі болды
REUTERS/Cagla Gurdogan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 10 маусымдағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің жаңартылған бағамдары белгілі болды.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау бекеттерінде АҚШ доллары орта есеппен 485 теңгеден сатып алынып, 491,99 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 562 теңге болса, сату бағасы 573,43 теңгені құрайды. Ресей рублі 6,50–6,80 теңге аралығында саудалануда.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 487,33 теңгеден сатып алынып, 489,63 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 562,87–569,31 теңге аралығында қалыптасты. Рубльдің құны 6,54–6,68 теңге аралығында өзгеріп отыр.

Шымкентте долларды сатып алу бағасы орта есеппен 488,14 теңгені, сату бағасы 490,14 теңгені құрайды. Еуро 563,79 теңгеден қабылданып, 568,96 теңгеден сатылуда. Ресей рублі 6,58–6,66 теңге аралығында бағаланған.

Қазақстан Ұлттық банкінің 10 маусымға бекіткен ресми бағамына сәйкес, бір АҚШ доллары 490,21 теңге, бір еуро 566,93 теңге, ал бір ресейлік рубль 6,81 теңге деңгейінде белгіленді.

Материал авторы