576

Алматыда 71 жастағы ер адамның мәйіті өз үйінің ауласынан табылды

Қарияның қазасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Алматыда 71 жастағы ер адамның мәйіті өз үйінің ауласынан табылды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Түрксіб ауданында 71 жастағы ер адамның мәйіті өз үйінің ауласынан табылды. Оқиға бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы полиция департаменті жеткізді.

Қайғылы оқиға 9 маусым күні кешке жекеменшік сектор аумағында болған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам тірі кезінде бірқатар ауыр сырқаттан зардап шеккен. Туыстарының айтуынша, ол бұған дейін де өміріне қатысты алаңдаушылық тудыратын ойларын бірнеше рет айтқан.

Қазір ер адамның өліміне байланысты аудандық полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Егер сіз немесе таныстарыңыз эмоционалдық күйзеліске тап болса, жақын адамдардан, медицина мамандарынан немесе жергілікті психологиялық көмек қызметтерінен қолдау сұрау маңызды. 

Материал авторы