Грузияның Гори қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

08.05.2023, 19:14
674
Грузияның Гори қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды inform.kz

Грузияның Шида Картли тарихи-географиялық өлкесін қамтитын ең көне қалалардың бірі Гориде Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Грузия Сыртқы істер министрлігінің, атқарушы биліктің, Шида Картли аймағының академиялық және іскер топтарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі Мәлік Мырзалин өзінің құттықтау сөзінде бұл тағайындау екі ел қатынастарының жоғары деңгейінің және оларды нығайту бағытының кезекті дәлелі болып табылатынын атап өтті.

«Құрметті консулға, ең алдымен, іскерлік, мәдени-гуманитарлық, спорттық және туристік байланыстарды дамытуда маңызды рөл беріледі. Бұл ретте, әрине, қазақстандық азаматтарға көмек көрсетуге және олардың Грузиядағы мүдделерін қорғауға, түрлі бірлескен іс-шараларды өткізуге айрықша көңіл бөлінуі тиіс», - деді Елші.

Шида Картли аймағының губернаторы Михаил Шакулашвили өз аймағының астанасы – Гори қаласында Құрметті консулдық ашу туралы шешім қабылдағаны үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Ол аталған мекеме екі мемлекеттің өңірлері мен қалалары арасындағы экономикалық ынтымақтастықты, инвестицияларды кеңейтуге, туризмді және ғылыми-мәдени алмасуды дамытуға ықпал ететінін мәлімдеді.

Горидегі Құрметті консул лауазымына ұзақ уақыт Қарағанды қаласында тұрған белгілі грузин кәсіпкері Иракли Какаладзе тағайындалды.

Айта кету керек, бұл – Қазақстанның Грузиядағы төртінші құрметті консулдығы.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды