611

БҚО-да өзенге шомылуға барған үш жасөспірім қаза тапты

Қайғылы оқиға шомылуға арналмаған аумақта болған.

БҚО-да өзенге шомылуға барған үш жасөспірім қаза тапты
Мой город

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірімнің өмірін қиған қайғылы оқиға болды. Бұл туралы «Мой город»басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, 9 маусым күні кешкі уақытта Жаңақала ауданындағы Жаңақазан ауылы маңында орналасқан Кіші Өзен өзенінде үш жасөспірім суға батып кеткен.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 112 қызметіне полициядан хабарлама түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, 2008 және 2009 жылы туған үш жасөспірім шомылу кезінде суға кеткен.

Оқиға демалуға және суға түсуге арналмаған, арнайы жабдықталмаған аумақта болған. Аталған жерде шомылуға тыйым салынғанын көрсететін белгі орнатылған.

Хабар түскеннен кейін оқиға орнына ТЖД құтқарушылары жіберілді. Алайда олардың келуіне дейін жасөспірімдердің денесін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор