«Интим талап етті»: Арқалықтағы әйелдерді бопсалады деген блогер сотталды
Қарыз берген әйелдерден жақын қатынас талап еткен блогер темір тордан бір-ақ шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Арқалық қалалық соты жергілікті блогерге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол зорлау, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасады деп айыпталған. Бұл туралы «ТоболИнфо» басылымы жазды.
Блогердің ұсталғаны туралы ақпарат 2025 жылдың сәуір айында белгілі болған. Сол кезде Қостанай облыстық полиция департаменті Арқалық қаласының 35 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, ер адам әйелдердің жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы бірқатар қылмыс жасады деген күдікке ілінген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті кейбір әйелдерге ақша қарызға берген. Кейін олар қарызды қайтара алмаған жағдайда интимдік қатынасқа түсуді талап еткен. Әйелдер бас тартқан кезде, олардың еркінен тыс жыныстық әрекеттер жасаған деген айып тағылды.
Сот құжаттарына сәйкес, блогерге Қылмыстық кодекстің 120-бабы («Зорлау»), 121-бабы («Жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері») және 123-бабы («Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу») бойынша айып тағылған.
Арқалық қалалық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Алайда сот үкімі әлі түпкілікті күшіне енген жоқ. Қорғаушы тарап апелляциялық шағым түсірген. Қазір іс жоғары сатыдағы сотта қаралуы мүмкін.
Материал авторы