667

Мұхтар Жәкішевтің құдағиы жүрекжарды жазба жариялады

Жақында ғана тұрмыс құрған Алтынай Жәкішеваның енесі Алматыдағы сапардан кейін ұмытылмас әсер алғанын жеткізді.

Мұхтар Жәкішевтің құдағиы жүрекжарды жазба жариялады
instagram.com/ene_obi

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішеваның енесі Эне Оби Қазақстандағы сапарын аяқтап, еліне оралды. Алматыдан аттанар алдында ол әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, Қазақстанға қайта келетінін мәлімдеді.

Карл Обидің анасы Алматымен қоштасу оңай болмағанын айтты.

«Алматымен қоштасу өте әсерлі өтті. Мұнда басталған көптеген әңгіме әлі аяқталған жоқ. Бірге күлдік, құшақтастық, ерекше сәттерді бөлістік. Кейбір адамдарға «қош бол» демедік, «Барселонада кездескенше» дедік. Басқаларына «тағы жолыққанша» деп қоштастық. Бір нәрсе анық – біз міндетті түрде қайта ораламыз», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сондай-ақ Эне Оби қонақжайлық танытқан туыстары мен отбасы мүшелеріне алғыс айтып, Қазақстанда өткен күндердің өмір бойы есте қалатынын жеткізді.

Карлдың туыстары Қазақстанға Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынайдың үйлену тойынан кейін келген. Еске салсақ, Алтынай Жәкішева 9 мамыр күні Лондонда Карл есімді шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан болатын. Жас жұбайлардың суреттері әлеуметтік желілерде кең таралып, қызу талқыланған еді.

27 жастағы Алтынай қазір Лондонда тұрады. Ол модель болып жұмыс істейді.

Бұған дейін Мұхтар Жәкішев қызының таңдауын толық қолдайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, күйеу жігіттің отбасы өзіне жақсы әсер қалдырған.

Жәкішевтің сөзінше, Карлдың әулеті Ұлыбританияда жетпіс жылдан астам уақыт тұрса да, ұлттық тамырынан ажырамаған. Олар тойға ұлттық киіммен келіп, өз дәстүрлерін сақтап жүргенін көрсеткен.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор