Елдің батысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде үсік жүреді

08.05.2023, 19:43
670
Елдің батысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде үсік жүреді smartnews.kz

Елдің батысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде үсік жүреді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

9 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік жартысында екпіні 17 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетіндегі 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

9 мамыр сағат 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары, 9 мамыр сағат 9:00-ге дейін Семей қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады