635

«Елді аралаймын»: Шетелде өмір сүрген Асель Садвакасова Қазақстанға оралды

Танымал актриса Қазақстандағы жаңа өмір кезеңін бастады

«Елді аралаймын»: Шетелде өмір сүрген Асель Садвакасова Қазақстанға оралды
instagram.com/asselsadvakassova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі кинопродюсер Асель Садвакасова елге оралғанын және алдағы жоспарларымен бөліскенін мәлімдеді.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға оралуы ерекше эмоцияға толы болғанын жазды. Оның айтуынша, туған жерге деген сағыныш уақыт өте айқын сезіле түскен.

«Үйге қайта оралдым. Ішкі тыныштық пен бақыт сезімі бар. Шын мәнінде, мұнда бар дүниені – жақын адамдарды, сүйікті жерлерді, табиғатты қатты сағынғанымды түсіндім. Алдағы уақытта осында боламын, жоспар көп: жақындарыммен, достарыммен, әріптестеріммен кездесемін, жұмысқа кірісемін, табиғатқа жиі шығамын. Ел ішін аралап, әдемі жерлерді көргім келеді, қайтадан шығармашылықпен айналысқым келеді», – деп жазды актриса.

Оның пікірінше, ұзақ уақыт басқа елде болу адамның өз үйі мен ортасын тереңірек бағалауына мүмкіндік береді.

Садвакасова алдағы жаз мезгілінің ерекше болатынына сенім білдірді. Оның айтуынша, бұл кезең жаңа әсерлерге, кездесулерге және шығармашылық серпінге толы болмақ.

Асель Садвакасова – қазақстандық көрерменге «Келін де адам», «30-да тұрмысқа шығу», «Қазаққа тұрмысқа шығудың 5 себебі» сынды комедиялар мен мелодрамалар арқылы кеңінен танылған актриса.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор