597

Доллар қанша болды: 11 маусымдағы валюта бағамы жарияланды

Ірі қалаларда доллар қандай бағамен сатылып жатқаны белгілі болды.

Доллар қанша болды: 11 маусымдағы валюта бағамы жарияланды
REUTERS / Jo Yong-Hak

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 маусымдағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының бағамы белгілі болды.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары орта есеппен 485,02 теңгеден сатып алынып, 491,97 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның сатып алу бағамы – 562 теңге, сату бағамы – 573,52 теңге. Ресей рублі 6,50 теңгеден қабылданып, 6,80 теңгеден сатылуда.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 488,29 теңгені, сату бағамы 490,20 теңгені құрады.

Еуро 562,54 теңгеден сатып алынып, 569,67 теңгеден сатылып жатыр. Ресей рублінің бағасы 6,56–6,70 теңге аралығында қалыптасты.

Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы – 488,33 теңге, сату бағамы – 490,35 теңге.

Еуро 562,96 теңгеден қабылданып, 568,56 теңгеден сатылуда. Ал рубльдің сатып алу бағасы – 6,60 теңге, сату бағасы – 6,67 теңге.

Қазақстан Ұлттық банкінің 11 маусымға белгілеген ресми бағамына сәйкес, 1 АҚШ доллары – 488,59 теңге, 1 еуро – 564,37 теңге, ал 1 ресей рублі 6,79 теңге деңгейінде белгіленген.

Материал авторы