566

«Дауыстар естідім»: Павлодар ауытқуы бар тұрғын танысын пышақтап тастаған

Ауыр жарақат салған ер адам түрмеге емес, ауруханаға жіберілді.

«Дауыстар естідім»: Павлодар ауытқуы бар тұрғын танысын пышақтап тастаған
magnific.com / Fantastic Studio

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар қаласында сот 52 жастағы ер адамның ісін қарады. Ол жанжал кезінде танысына пышақ жарақатын салған. Бұл туралы irbistv.kz басылымы жазды.

Оқиға 2026 жылдың қаңтар айында Сұрағанов көшесіндегі пәтерде болған. Тергеу деректеріне сәйкес, екі таныс алкоголь ішіп отырған кезде олардың арасында жанжал туындаған. Екеуінің де психикалық денсаулығына байланысты диагнозы болғаны анықталған.

Сот отырысында айыпталушы оқиға сәтінде «дауыстар естігенін» айтқаны белгілі болды. Ол өз сөзінде «қорған», «құтыл» деген бұйрық тәрізді дауыстарды естігенін, сондай-ақ «Вега» арнайы тобы терезеден кіріп жатыр деп ойлағанын жеткізген. Сол сәтте қолына пышақ алып, нақты қанша соққы жасағанын есіне түсіре алмаған.

Нәтижесінде ер адам танысына сегіз рет пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші аман қалған.

Іс сотта денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қаралды. Алайда сот айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оны мәжбүрлі түрде психиатриялық емге жіберу туралы шешім шығарды. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор