833

Алматы әуежайында жолаушыларға ауыр құбырлар құлады

Балалар мен қарттар болған жерде құлаған құбырлар жұртты шошытты.

Алматы әуежайында жолаушыларға ауыр құбырлар құлады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы халықаралық әуежайында жолаушылардың жанында ауыр құрылыс конструкциялары құлап, қауіпті жағдай орын алды. Оқиға салдарынан адамдар зардап шекпегенімен, куәгерлер мұның қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін болғанын айтады. Бұл туралы Halyq Press басылымы жазды.

Оқиға 11 маусым күні әуежай аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде болған.

Алматылық тұрғынның айтуынша, жұмыс барысында биіктіктен бірнеше ірі құбыр үзіліп түсіп, төмендегі адамдарға өте жақын жерге құлаған.

Куәгердің сөзінше, дәл сол сәтте құлаған аумақта оның отбасы және басқа да ондаған жолаушы болған.

«Құрылыс конструкциясы тура біздің үстімізге түсуі мүмкін еді. Сол жерде балалар мен қарт адамдар да болды», – деді қала тұрғыны.

Жолаушылар ауыр заттардың құлауынан кейін қатты шошығанын жеткізді. Олардың айтуынша, бірнеше секундтың өзі үлкен апаттың алдын алған.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен құрылыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы анықталуы қажет.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор