Алматыда 12 жастағы бала пышақталып қаза тапты
Күдік 13 жастағы жасөспірімге түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 12 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікке 13 жастағы жасөспірім ілінген. Бұл туралы Zakon.kz басылымы жазды.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат 11 маусымда әлеуметтік желілерде тараған. Онда 12 жастағы баланың кешкі уақытта қаза болғаны және оған жасөспірімдер шабуыл жасағаны айтылған.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 10 маусымда Түрксіб ауданында болған.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол марқұм баламен бұрын таныс болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, жарақаттар кәмелетке толмағандар арасында болған жанжал кезінде келтірілген. Қазіргі уақытта күдікті арнайы мекемеге орналастырылды. Аталған факті бойынша адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Полиция істі тергеу нәтижесі бойынша күдіктінің ата-анасын баланы тиісті деңгейде тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатынын атап өтті.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.
Материал авторы