Түркияда 267 жолаушысы бар ұшақ радар мұнарасына соғылды
Әуе кемесі мен радар мұнарасы зақымдалып, мамандар соқтығыс себебін анықтап жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның Анталья әуежайында жолаушылар ұшағы тұраққа бет алған кезде радар мұнарасына соғылды. Boeing 777 ұшағының бортында 267 жолаушы болған.
Оқиға Turkish Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ әуежай аумағында қозғалып, тұрақ орнына қарай бет алған кезде болған.
Соқтығыс салдарынан 267 жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам жеңіл жарақат алған. Ұшақ пен радар мұнарасы зақым келген.
Оқиғадан кейін арнайы мамандар техникалық тексеру жұмыстарын бастаған. Қазір әуе кемесінің радар құрылғысымен не себепті соқтығысқаны анықталып жатыр.
Тергеу нәтижесі бойынша оқиғаның толық мән-жайы белгілі болады.
Материал авторы