852

Талапкер ауылында ат үш жасар баланы таптап кетті

Баланың анасы ауыл жолында атпен жарысқан адамдардың әрекеті қайғылы жағдайға себеп болғанын айтты.

Талапкер ауылында ат үш жасар баланы таптап кетті
ЖИ / life09.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысының Талапкер ауылында аттың соғуынан үш жасар бала зардап шекті. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.

Баланың анасының айтуынша, ауыл жолында бірнеше жас жігіт атпен жарыс ұйымдастырған. Шабандоздар қайта айналып өткен кезде, аттардың бірі жолда жүрген баланы қағып кеткен.

Зардап шеккен баланың анасы Салтанат Ибраеваның сөзінше, оқиғадан кейін бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

«Ер адамдар көшенің дәл ортасында жарысып жүрген. Үшеу болды. Олар екінші рет айналып өткенде баламды қағып кетті. Оның бауыры зақымданған, балам соққыдан аударылып кеткен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Миы шайқалған, қолы сынған. Ұйқы безі де жарақаттануы мүмкін екенін айтты», – деді анасы.

Анасының айтуынша, бала қатты соққы алғаннан кейін дәрігерлердің бақылауында жатыр. Қазір оның жағдайын медицина мамандары бақылап отыр.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор