493

Теңге бағамы қандай деңгейде: қалалардағы валюта құны белгілі болды

Айырбас орындарында бүгінгі валюта бағамы жарияланды.

Теңге бағамы қандай деңгейде: қалалардағы валюта құны белгілі болды
REUTERS / Mohamed Abd El Ghany

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында негізгі шетел валюталарының қазіргі бағамы белгілі болды.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елордадағы айырбастау орындарында доллар 486,14 теңгеден сатып алынып, 492,97 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның сатып алу бағамы – 563,05 теңге, сату бағамы – 573 теңге. Ресей рублі 6,49–6,79 теңге аралығында, ал қытай юані 69,02–73,90 теңге аралығында саудалануда.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың сатып алу бағамы 489,49 теңге, сату бағамы 491,48 теңгені құрады.

Қаладағы айырбастау орындарында еуро 565,01 теңгеден сатып алынып, 571,17 теңгеден сатылуда. Ресей рублі 6,51–6,63 теңге аралығында, ал юань 70,47–72,97 теңге шамасында айырбасталып жатыр.

Валюта бағамдары айырбастау орындарына қарай өзгеруі мүмкін. 

Материал авторы