Димаш Құдайберген алғашқы ұстаздарымен қайта қауышты
Белгілі әнші өз мектебіне арнайы барып, ұстаздарын қуантты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Димаш Құдайберген өзі білім алған мектебіне барып, ұстаздарымен кездесті. Өнер иесі балалық шағы өткен білім ордасын сағынғанын айтты.
Әнші кездесуден кейін әлеуметтік желідегі парақшасында әсерімен бөлісті.
«Мектеп – балалық шақ туралы естелік, ал ұстаздар – сол кезеңнің ең маңызды адамдары. Бүгін мен өзім білім алған №32 мектеп-гимназияға барып, мені тәрбиелеген ұстаздарыммен жүздестім. Уақыт өзгереді, адам өседі, бірақ мұғалімге деген құрмет пен мектепті сағыну сезімі әрдайым бірге қалады», – деп жазды Димаш Құдайберген.
Өнерпаздың айтуынша, жылдар өтсе де, адамның өміріндегі алғашқы ұстаздардың орны ерекше болып қала береді.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген тыңдармандарын жаңа мәлімдемесімен таңғалдырған еді. Әнші Ақтөбеде жаңа бейнебаян түсіруді жоспарлап отырғанын айтқан.
Материал авторы